Цветовая схема: C C C C
Размер шрифта: : A A A
Изображения:
  • 040000, г. Талдыкорган, ул. Жансугурова, д. 13А
  • +7 (728) 240-00-40
  • d.almoblysy@mail.ru

Религиозные объекты

Орталық «Иман» мешіті

Талдықорған орталық «Иман» мешітін салу 2007 жылы сәуір айында басталып, 2014 жылы аяқталды. Сол жылы қараша айында қасиетті Құрбан айт мерекесінде салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.
«Иман» мешіті үш қабатты. Төменгі қабатында кітапхана, гардероб, дәрігер бөлмесі; екінші қабатта ер кісілердің намаз залы, әйелдердің намаз залы, неке залы, мешіт имамдары және Құран оқылатын бөлме; екінші қабатта медресе дәрісханалары, компьютер бөлмесі орналасқан. Намаз залдарына 1 180 шаршы метр кілем төселген. Олар Түркиядан әкелінген. Мешіттің негізгі күмбезінің биіктігі 40, ені 20, ішкі кеңістігі 500 шаршы метр. Күмбез биіктігінің 40 метр болуы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 40 жасында пайғамбарлық берілген дегенді білдіреді. Мешіттің екі мұнарасы бар. Әрбір мұнараның биіктігі 63 метрден. Бұл пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеден өткен жасын білдіреді.
Мешіт михрабында және күмбездің ішкі бөлігінде алтынмен көркемделген мозайкамен Құран аяттары өрнектелген. Мозайкалар Италияда дайындалған.
Мешіттің іші-сырты, ұстындары, едендері, баспалдақтары түрлі-түсті мәрмармен, сұрғылт гранитпен қапталған. Мешіт алдында су бұрқағы және гүлзарлы алаң, түнде айналаны сәулелендіретін прожекторлар мен шамшырақтар қойылған.
Мешітте жұма және айт намаздары кезінде 2 500 жуық адам емін-еркін құлшылық жасай алса, жазда 10 000 тарта кісілердің сәждеге жығылуына мүмкіндігі бар.

 

Қарасай батыр мешіті

«Қарасай батыр» мешіті Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында салынып,2000 жылы маусым айында Елбасының тікелей қатысуымен салтанатты түрде ашылды.

Теріскей жағында 90 балаға арналған жалпы көлемі 700 шаршы метрлік медресе, жатақхана орналасқан. Онда оқу сыныптары, кітапхана мен ғұсылхана және спорт алаңы бар. Мешіт пен медресенің арасы шамамен 70 метрдей. Осынау бүкіл кешенді мешіт, медресе, асхананы, жатақхананы жылу жүйесімен және дәретханаларды жылы сумен газбен жұмыс істейтін 2 пеш қамтамасыз етеді.

Алла үйінің биіктігі 18,5, ал күмбезінің биіктігі 22,6 метр. Шеңбері 9 метр. Алтынмен апталған айшығының биіктігі 3 метр. 4 бұрышында ғимаратқа көрік беріп тұрған 15 метрлік 4 мұнара бар. Ерлер мен әйелдер үшін бөлек-бөлек 2 есік бар. Әйелдерге арналған намазханаға мешіттің шығыс жағындағы есіктен кіреді. Ғимараттың екі жағында екі бөлме бар, оның оң жақтағысында есепші отырса, сол жағындағысына шаруашылық бөлмесі алып жатыр. Ал негізгі кіретін есік емен ағашынан жасалып, беті ою-өрнекпен безендірілген. Негізгі есіктің кіреберісі – дәліз. Оған аяқ киім сөрелері қойылған. Едені мәрмәр. Дәліздің оң жағында имамның қабылдау бөлмелері және сол жағында жеке зал орналасқан. Мешіт үйі 1200 адам құлшылық етуге арналған. Ер кісілер мен әйелдердің намаз оқитын залдары ою-өрнектермен безендірілген Құран аяты жазылған шамамен 3 метрлік қабырға бөліп тұр. Залдар сутралармен бөлінген, қанық көк түсті жайнамаз-кілем төселген.

Ғимарат қазіргі заман талабына сай еден асты жылуымен қамтамасыз етілген. Батыс жағында қызыл ағаштан ойылып жасалынған 7 метрлік мінбер орнатылған. Михрабы алтын жалатылған кафельдер және де қасиетті Құран аяттарымен әсемдеп жасалған. Төбесіне 6 метрлік шынжырға ілінген 600 кг-дық 55 қола шам орнатылған, оюлармен өрнектелген, аустриялық хрустальдан жасалынған. Намаз оқитын үлкен залдың оң жақ қабырғасында 5, ал сол жақ қабырғасында күн сәулесі молынан түсіп тұратын 2 үлкен пластикалық терезе қойылған. Олардың әрқайсысының екі жағына, қабырғаға кіргізілген ұзынша шырақтар орналасқан. Алла үйінің орта тұсында күмбезді жағалай 4 тірек бекітілген. Ішінде жағалай 8 кішігірім терезе бар. Шеңберіне көркемделіп «Фатиха» сүресі жазылған.

 

Талдықорған қаласындағы Иоанн-Богослов соборы

Астана және Алматы Епархиясы Иоанн-Богослов соборы

Типтік, кірпіш шіркеуі 1987 жылы протоиерей Владимир Шаровтың бастауымен құрылған. 1997 жылы Шіркеудің алғаш жетекшісі Владимир қайтыс болып, алтарьдің оң жағында жерленген. Собордың екі шегі бар: 1993 жылы апостол және евангелист Иоанн Богослов құрметіне Алматы және Семей архиепископы Алекси аластаған; екіншісі 1996 жылы қасиетті великомученица Параскевы Пятницы құрметіне аластатылған.

Бірінші мереке күні 9 қазан, апостол Иоанн Богословты еске алу күні.

Екінші мереке күні 10 қараша, қасиетті Параскеваны еске алу күні.

Тарихи ақпарат: Мұрағаттарында сақталған статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 1917 жылы Говрилока ауылында 3 мыңнан астам адам тұрған. Ауыл орталығында екі православиелік шіркеу орналастырылған, шіркеу-приходында 3 класстық мектеп жұмыс атқарған, мәліметке сүйенсек 45-50 бала оқыған.