Әлеуметтік желі әбігерге салмас үшін қайтпек керек?! Избранное

Жасыратыны жоқ, технологиялық заман орнағалы бері біздің көп нәрсеге көзіміз ашылып, ақпарат алмасуға айтарлықтай ыңғайлы жағдайлар жасалды. «Ғаламтор» бізге кез келген іздеген дүниемізді дер кезінде тауып беріп, уақыт жағынан тиімді мүмкіндіктер берді. Барлығы көзге жақсы көрінуі мүмкін... Алайда, оның теріс жақтары да шыға бастады. Айталық, сондай керағар пиғылдылар әлеуметтік желі арқылы қулығы мен сұмдығын ақырындап іске асыра бастады.

Олар кімдер дейсіз ғой? Олар – осы ғаламтор арқылы өздерінің оспадар ойларын жүзеге асырып, адамдардың осалдықтарын пайдаланушылар. Бір сөзбен айтқанда – арамза арбаушылар! Олардың құрығынан құтылу үшін көптеген жұмыстар жасалуы керек. Соның ең бастысы – адамның сауаттылығы. Сана сау болса, адам да сау болады. Санасы уланған адам – тұңғиық шыңыраудың топалаңына тап болады. Осы ретте ең назар аударарлық жәйт – ол, жасөспірімдердің, жастардың әлеуметтік желідегі белсенділігі. Біз күніне 4-5 сағатымыздың сол әлеуметтік желілерде қалай өтіп кеткенін де білмей қаламыз.
Қаламызда орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектебінің оқушыларымен кездесу барысында Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы мониторинг бөлімінің бастығы А. Игенбай арбаушылардың әлекке салатын тұстарын жіпке тізіп берді. Көбіне олардың құрықтарына психологиялық күйзелісте жүрген, қоғамдық ортада елене бермейтін, отбасында азды-кемді кикілжіңдер орын алатын адамдар илігеді екен. Сонымен қатар, тіпті, беделді, жағдайы ауқатты адамдарды да арбау – олар үшін түкке де тұрмайды. Барлығы қызығушылықтан басталады ғой. Адамдар алғашында сол қызығушылықпен, абайсыздықтан түрлі әлеуметтік желілерге кіріп, сантарам ақпаратты оқып, қарай бастайды. Олардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізбестен, әрине. Олар сол кезден бастап өзінің құрбандарын бүге-шүгесіне дейін зерделеп, олармен диалог орната бастайды. Кейін бірте-бірте сеніміне кіріп, оларға өздерінің бауыр екенін, кез келген жағдайда көмектесетіндерін айтып, барынша сендіреді. Иландыру үшін жылы-жылы сөздерін айтып, адамға таныс емес ақпараттарды айта бастайды. Бір жағдайлар болады ғой, адам өзін қоғамға, тіпті, достары мен ата-анасына керек еместей сезінетін. Міне, тап осы кезеңдерде арбаушылар құрбандарын құрықтарына түсіреді.
Олар: «Бауырым, сен жалғыз емессің, сенің жаныңда біз бармыз. Сенің ата-анаң бере алмаған жылулықты біз береміз. Мемлекетің көмектесе алмаған жағдайларда біз жәрдемдесеміз. Бізге әрқашан арқа сүйесең болады. Біз сені жалғыз қалдырмаймыз», деген сынды желеулерді айтып, өздерінің қатарларына тартып алады. Кейін 1-2 жыл сіздің әбден сеніміңізге кіріп болған соң, арнайы тапсырыстар бере бастайды. Одан бөлек те айтар мысалдар көп. Жоғарыда көрсетілгендер – соның біреуі ғана. Осылай жалғаса береді... Ең бастысы – оны дер кезінде алдын алу шаралары. Ол үшін әрбіреуіміз Дін істері басқармасы рұқсат еткен сайттарды ғана қолдануымыз керек. Сонымен қатар, ақпараттың растылығына көз жеткізіп, әрқашан сараптап, сұрыптап отыруымыз шарт. Ата-аналар балаларының не істеп жүргендерінен, қандай мессенджерлер мен сайттар да, топтарда отыратындықтары, қандай адамдарды немесе аккаунттарды қарайтындықтарынан хабардар болуы керек.
Кездесу барысында осы және өзге де тақырыптар қозғалды. Арбаушылардың әрекеттері жайлы арнайы бейне-роликтер көрсетілді. Сонымен қатар, бүктемелер мен брошюралар таратылды. Ең белсенді болған және сұрақтарын қойған зерек оқушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Жалпы, діни хабар алғыңыз келсе, мешіттеріміз бен церковьтардың есігі әрдайым ашық. Адам кез келген уақытта білімнен нәр алуына болады. Ал, білім, өімізге белгілі тек әлеуметтік желімен шектелмейді. Ғаламторды мүлдем қолданба деген түсінік емес, тек қолданар алдында жоғарыда айтылған бірқатар мысалдарды естен шығармасаңыздар деген ниет еді.

Прочитано 71 раз

Руководитель управления

c497a21ff65051bfa8da8bd2e436184a

Наша основная цель – недопущение и предупреждение в области рапространения идей религиозного экстремизма и терроризма. Если мы вместе с вами внесем посильный вклад в это благородное дело, думаю, что достигнем определенного положительного результата.

Руководитель управления
Есдаулетов Рахмет Разбекович

Библиотека

РЕЛИГИОЗНЫЕ ОБЪЕДИНЕНИЯ

 

Горячая линия

Областные интернет ресурсы

      


Контакты

Управление по делам религий 
Алматинской области

Республика Казахстан, г. Талдыкорган, 

ул. Жансугурова, 13 "А" 

Тел. 8 (7282) 30-51-42 

E-mail: d.almoblysy@mail.ru