Көксу ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша, Көксу аудандық «Көксу жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 7 қараша күні аудан орталығында діни экстремизмнің алдын алу, тұрғындардың шығармашылық әлеуетін және дінтанулы Избранное

Көксу ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша, Көксу аудандық «Көксу жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 7 қараша күні аудан орталығында діни экстремизмнің алдын алу, тұрғындардың шығармашылық әлеуетін және дінтанулық сауаттылығын арттыру, аудан тұрғындары арасында әлеуметтік, мәдени және рухани бірлігін сақтау мақсатында «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы» тақырыбында форум болып өтті.

Шараға аудандық дінтанушылар және діни бірлестік жетекшілері, «Дінтану» пәнінің оқытушылары, әр түрлі саладағы жастар және оқушылар, жалпы саны 200-ге жуық адам қамтылды.

Алматы облысы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының мамандарымен бірлесіп экстремизм, терроризм, терминдеріне түсінік беріп, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат берілді.

Форум барысында аудан тұрғындарының назарына «Мұны білгеніңіз жөн!» тақырыбында OpenAir форматында сурет көрмесі ұсынылып, ақпараттық брошюралар мен діни әдебиеттердің электронды нұсқасының QR коды бар карточкалар таратылды. Экстремизмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра алдын алу шаралары жүргізілді.

Прочитано 11 раз

Руководитель управления

c497a21ff65051bfa8da8bd2e436184a

Наша основная цель – недопущение и предупреждение в области рапространения идей религиозного экстремизма и терроризма. Если мы вместе с вами внесем посильный вклад в это благородное дело, думаю, что достигнем определенного положительного результата.

Руководитель управления
Есдаулетов Рахмет Разбекович

Библиотека

РЕЛИГИОЗНЫЕ ОБЪЕДИНЕНИЯ

 

Горячая линия

Областные интернет ресурсы

      


Контакты

Управление по делам религий 
Алматинской области

Республика Казахстан, г. Талдыкорган, 

ул. Жансугурова, 13 "А" 

Тел. 8 (7282) 30-51-42 

E-mail: d.almoblysy@mail.ru