КИЕЛІ ТҮРКІСТАН ЖЕРІНДЕГІ ''РУХАНИ КЕРУЕН'' ІІІ КЕЗЕҢІНІҢ САПАРЫ ҚОРЫТЫЛАНДЫ. Избранное

Республикалық реестерге енген, бүгінгі таңда халықтың оң бағасына ие болып үлгерген Алматы облыстық дін істері басқармасының төл туындысы ''Рухани керуен'' жобасы - түркі халықтарының алтын бесігіне айналған киелі Түркістан өңіріндегі сапарын қорытындылады.


Алдымен, зиялы қауымнан құралған топ күллі шығыстың тәлім-таразысына шырақшы болған Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне арнайы ат басын бұрып, әулие бабамызға зиярат етті. Содан кейін, керуеншілер Рәбиға бегім кесенесіне де тәу етіп, аруақ рухына құран бағыштады.
Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын дәріптеу мақсатында керуеншілер тобы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен және «Түркістан–Яссауи» мешітінде имамдармен, жамағатпен кездесулер өткізіп, ашық аспан астында Түркістандық жұртшылық назарына «Жер жаннаты – Жетісу» өңірінің мәдени мұрасы, яғни көне зиярат орындары мен ескерткіштерінен сыр шертетін сурет көрмесі қойылды. Діни сауаттылықты арттыруға арналған арнайы түсіндірме кітапшалары мен Алматы облыстық дін істері басқармасының төл газеті «Дін және мәдениет - руханият әлемі» таратылды. Түркістан қалалық Мәдениет сарайындағы басқосуға 300-ге тарта қала тұрғындары: мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ардагерлер және жастар жиылып, рухани шөліркеген мауқымдарын бір басып қалды. Керуен мүшелері қозғаған сан түрлі тақырыптардан көрермендер қауымының аса зор ризашылдық лебі есіп тұрды. Мұны олардың ерекше ықыластарынан аңғардық.
Жиында Түркістан облыстық маслихат хатшысы – Қайрат Балабиев төрағалық етті. Керуен құрамы Алматы облыстық мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсенбинов, дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов, ҚР алғашқы Бас муфтиі Рәтбек қажы Нысанбаев, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, облыстық "Жетісу" телеарнасының бас продюсері Жұмахмет Жайлаубаев, РАНТ мүшесі, философия және әлеуметтану PhD докторы Алмасбек Шағырбай, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, ақын Ж.Әміреев, белгілі дінтанушы, «Иманашар», «Дінсақшы» телевизиялық хабарларының авторы Қанат Мүтебаев және басқа да зиялы тұлғалардан жасақталған..
Осы жиын барысында Алматы облыстық маслихат хатшысы және дін істері басқармасының басшысы қонақжайлық танытқан Түркістан халқына алғыс білдіріп, екі облыстың достығы мәңгілік болғай деп тілек білдіре отыра, кәделі сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар, екі облыстың дін істері басқармалары арасында меморандумға қол қойылып, қос облыстың әріптестік байланысының нығаюына тағы да бір мәрте қадам жасалды.
Жиын Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияның өнерпаздары дәстүрлі әнші, қазақ өнерінің жанашыры Эльмира Дәуренбекова, ҚР Мәдениет саласының үздіктері: әнші Мәншүк Тұрсынғазина, "Алтынай" би ансамблінің бишісі Бегзат Ақиярдың орындауындағы концерттік бағдарламамен жалғасты. Сахна саңлақтары дәстүрлі әндерден шашу шашып, мың бұралған билерімен жиналған жұртшылықтың оң бағасына ие болды. Шара соңында Түркістан облыстық малихатының хатшысы Қайрат Балабиев «Рухани керуенге» арнайы алғысын білдіріп, келер жылы рухани сапар аясында Жер жәннаты - Жетісу жеріне ат басын бұратындықтарын жеткізді.
Жалпы, екі күнге созылған «Рухани керуеннің» атқарған істерінің бір парасы ғана бұл. Енді, келер жылы керуеншілер қазақтың бас ақыны, адамзаттың Абайына айналған Абай Құнанбаевтың туған жері Шығыс Қазақстан өңіріне сапар шекпек.

Прочитано 16 раз

Руководитель управления

c497a21ff65051bfa8da8bd2e436184a

Наша основная цель – недопущение и предупреждение в области рапространения идей религиозного экстремизма и терроризма. Если мы вместе с вами внесем посильный вклад в это благородное дело, думаю, что достигнем определенного положительного результата.

Руководитель управления
Есдаулетов Рахмет Разбекович

Библиотека

РЕЛИГИОЗНЫЕ ОБЪЕДИНЕНИЯ

 

Горячая линия

Областные интернет ресурсы

      


Контакты

Управление по делам религий 
Алматинской области

Республика Казахстан, г. Талдыкорган, 

ул. Жансугурова, 13 "А" 

Тел. 8 (7282) 30-51-42 

E-mail: d.almoblysy@mail.ru