РУХАНИ КЕРУЕН ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ЖЕРІНДЕ Избранное

 

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани керуен» жобасы ІІІ кезеңінің соңғы сапары киелі мекен, көне тарихи орындардың бірі – Арыстанбаб, Ахмет Яссауи сынды күллі түркі халықтарына әйгілі әулиелер жатқан қасиетті Түркістан жерінде жалғасты.

Алдымен, зиялы қауымнан құралған топ ұлылықтың биік үлгісін танытып, Арыс қаласындағы қабырғасы қайысқан ағайынның қал-жағдайын білмек үшін аймақ тұрғындарымен кездесуді жөн көрді. Еңсесін енді тіктеп келе жатқан Арыс жұрты алыстан келген жетісулықтарды аймаққа кірер қақпадан құшақ жая қарсы алды. Қадамдарына шашу шашып, бар дәмін алдына тосты. Тұла бойы қайнап жатқан қанына сіңген өнер дарыған текті халықтың ұрпағы емеспіз пе?! Бұл мекен де ұлттық өнерді ұлықтап, қара домбырасын қолға ала, Алматы облысынан ат терлетіп жеткен делегаттарға арнау жырларын, дәстүрлі әндерін арнады. Арыс аспаны сазды әуеннің ырғағына бөленді. Бауырлас екі өңір жұртшылығы осылайша, бір-біріне деген ыстық ықыласын жеткізіп, хал білісті. Рухани керуен тобының іс-сапары Арыс қалалық мәдениет үйіндегі ауқымды жиынмен бастау алды. Мұнда ашық аспан астында арыстық жұртшылық назарына «Жер жәннаты – Жетісу» өңірінің мәдени мұрасы, яғни көне зиярат орындары мен ескерткіштерінен сыр шертетін ашық аспан форматында сурет көрмесі қойылды. Діни сауаттылықты арттыруға арналған арнайы түсіндірме кітапшалары мен Алматы облыстық дін істері басқармасының төл газеті «Дін және мәдениет - руханият әлемі» таратылды. Мәдениет сарайындағы басқосуға 200-ге тарта Арыс тұрғындары: мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ардагерлер және жастар жиылды. Жиында Арыс қалалық мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев төрағалық етті. Рухани керуен жұмысы халықтың дәстүрлі рухани мәдениетін дамыту, мемлекеттің рухани тірегі салған асыл діннің қағидаттарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Керуен құрамы Алматы облыстық мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсенбинов, дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов, ҚР алғашқы Бас муфтиі Рәтбек қажы Нысанбаев, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, тағы басқа зиялы тұлғалардан жасақталған. Жиында көпшілік белгілі дінтанушылар, қоғам қайраткерлерінің рухани әңгімесінен сусап, өлшеусіз азық алды. Сондай-ақ, жиын барысында Алматы облыстық маслихат хатшысы және дін істері басқармасының басшысы қонақжайлық танытқан Арыс халқына алғыс білдіріп, екі облыстың достығы мәңгілік болғай деп тілек білдіре отыра, кәделі сыйлықтарын табыс етті. Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияның өнерпаздары сахна төрінде дәстүрлі әндерді орындап, биден шашу шашты. Сонымен қатар, Рухани керуен тобы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне саяхаттады. Бұл орталық 1979 жылы бой көтерген. Жылына 200 мыңға тарта турист қабылдайды. Тарихи жәдігерлерге толы мекеменің әрбір ескерткіші құнды. Себебі, мұнда күллі түркі халықтарының мәдени мұрасы шоғырланған. Мұражайдың бірінші залында аймақтағы ежелгі орындардармен обаларға жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған құнды қорлар сақталған. Ал, екінші бөлімінде этнографиялық ескерткіштер топтастырылған. Экскурсия барысында қатысушылар ежелгі тарих қойнауына бойлап, құнды және тың деректерге куә болды. Музей қызметкері орталықтағы барлық жәдігерлерді таныстырып, толық ақпарат берді. Түркі халықтарының киелі бесігіндегі іс-сапар Арыстанбаб кесенесінде жалғасты. Жетісулық делегат баба рухына арнап құран бағыштап, тағзым етті. Айта кетейік, Түркістан облысындағы сапар ертең Түркістан қаласында жалғасын таппақ.

Прочитано 15 раз

Руководитель управления

c497a21ff65051bfa8da8bd2e436184a

Наша основная цель – недопущение и предупреждение в области рапространения идей религиозного экстремизма и терроризма. Если мы вместе с вами внесем посильный вклад в это благородное дело, думаю, что достигнем определенного положительного результата.

Руководитель управления
Есдаулетов Рахмет Разбекович

Библиотека

РЕЛИГИОЗНЫЕ ОБЪЕДИНЕНИЯ

 

Горячая линия

Областные интернет ресурсы

      


Контакты

Управление по делам религий 
Алматинской области

Республика Казахстан, г. Талдыкорган, 

ул. Жансугурова, 13 "А" 

Тел. 8 (7282) 30-51-42 

E-mail: d.almoblysy@mail.ru