Діни сауаттылықты арттыру – басты міндет! Избранное

         Талдықорған қ. Оқушылар сарайында ''Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының  2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы'' аясында ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне арналған діни сауаттылықты арттыруға бағытталған оқыту курсы өткізілді. «Алматы облысы Дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен өткен оқыту курсына Ескелді, Көксу, Кербұлақ, Қаратал, Пафилов, Сарқан, Алакөл, Ақсу аудандарынан келген ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

  

        Шара барысында «Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің дінтанушысы, саясаткер Дамира Әлиқызы «Қазіргі таңдағы зайырлы мемлекет және дін» тақырыбында ой өрбітсе, аталған университеттің дінтанушысы Оралхан Рахматбекұлы «Діни экстремизмнің алдын-алу жолдары» тақырыбына тоқталды. Сонымен қатар, осы оқыту курсының тағы бір ерекше екпін беріп өтер тұсы ол –  жат ағымның жетегіне еріп кетпеудің алғышарттарының түсіндірілуінде. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы осы тақырыпты өзінің баяндамасына өзек етіп, жиналған қауымның назарын барынша ортаға аударды. «Өскелең ұрпақтың сана саңылауына тарыдай болсын ой тастай алсақ, біздің ұтқан жеріміз осы», дейді ол. Одан бөлек, Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушысы Қанат Мүтебаев «Деструктивті бағыттағы діни ағымдармен күресу жолдарын түсіндіру» тақырыбында дәріс қорғап, нақтылы қандай қадамдар жасау керектігін айтты. Осы кездесуде көкейде жүрген сан сауалға тұщымды жауаптар берілді.

        Курстың соңында барлық қатысушыларға арнайы алғыс білдіріліп, сертификаттар табысталды.

Прочитано 8 раз

Руководитель управления

c497a21ff65051bfa8da8bd2e436184a

Наша основная цель – недопущение и предупреждение в области рапространения идей религиозного экстремизма и терроризма. Если мы вместе с вами внесем посильный вклад в это благородное дело, думаю, что достигнем определенного положительного результата.

Руководитель управления
Есдаулетов Рахмет Разбекович

Библиотека

РЕЛИГИОЗНЫЕ ОБЪЕДИНЕНИЯ

 

Горячая линия

Областные интернет ресурсы