«РУХАНИ КЕРУЕН» ЖАЗИРАЛЫ ЖАРКЕНТ ЖЕРІНДЕ Избранное

«Рухани керуен» жобасы аясындағы жұмыстар облыс аймақтарында өз жалғасын табуда. Осы жолы 10 қыркүйек күні зиялы топ Жаркент ауданына ат басын тіреді.

Мұнда 20-дан аса ұлт өкілдері тұрады. 43 діни бірлестік өз қызметін атқаруда. Керуен мүшелері өңірдің Пенжім ауылдық округіне келіп, оның жұртшылығымен қауышты. Алдымен, керуен мүшелерін елді-мекен әкімі Ерлан Оспанбаев қарсы алып, өзі басқарып отырған Пенжімнің тыныс-тіршілігімен, бүгінгі жайымен таныстырып өтті. 2013 жылдан бастап 100 мың тұрғын тұратын Нұркент жаңа қаласының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бүгінде қала халқының саны 10 мыңды құрайды. Жалпы, Пенжімге Қорғас, Ынтымақ, Ават сынды ауылдар қарайды. Керуеншілердің өңірдегі жұмыстары 6 бағыт бойынша атқарылды. Алғашқы жиын Нұркент кентіндегі 660 оқушысы бар Пенжім орта мектебінде өтті. Шараға ауыл тұрғындары, мекеме, БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Кенжебекова Алмахан, әуесқой композитор, жыршы, термеші Әбіш Әділбеков, белгілі дінтанушы Нұрмұхамед Мейменқожа сынды тұлғалар жалпақ жұртшылыққа дәстүрлі діннің асыл жауһарлары, тамырын тереңге тартқан ұлттық құндылықтары жайлы тереңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, жиын аясында «Рухани керуен» жобасының тарихы, оның алға қойған мақсаттары жайлы кеңінен мәлімет беретін бейнеролик көрсетілді. Жиын соңы Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның жезтаңдай әншілерінің «Рухани қазына» атты концерттік бағдарламасымен жалғасты. Көпшілік ән мен күйден, тағылымды термелермен сусындап, рухани азық алды. Пенжім ауылдық округінің 25 пайызы жас буын өкілін құрайды. Сондықтан да, жастар қауымы да назардан тыс қалмады. Білім ордасының кітапханасында белгілі журналист, 100 жылдық тарихы бар облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Мади Алжанбай, Жастар ресурстық орталығының мамандары жоғарғы сынып оқушыларымен тілдесіп қайтты. Жиын еркін форматта өтті. Мамандарға жастар өздерін толғандырған түрлі сауалдарын қойып, тұшымды жауап алып, ой түйді. Мағыналы кездесуді Панфилов аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ерлан Нарынбаев жүргізді.  Онда өз саласының майталмандары белгілі дінтанушылар теріс пиғылды ағымдармен, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік мәселелері, жасөспірімдердің дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтау жайы түсіндірілді. Аймақтың құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен білім ордасында ашық алаң форматында кездесу өткізілді. Панфилов аудандық орталық мешітінде әйел жамағатымен де ақпараттандыру жұмыстары өз деңгейінде атқарылды. Қауымдастырылған профессор Шәмшат Әділбаева бастаған топ «Зайырлы қоғамдағы рухани құндылықтар және әйел мәртебесі» , «Жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі және радикалдық діни идеологияға иммунитет қалыптастырудағы әйелдердің рөлі» тақырыптарында баяндама оқыды. Жиналған қауым көкейтесті сұрақтарын қойып, жауап алды. Жалпы керуеншілердің Жаркент өңіріне сапары барысында тұрғындарға ақпараттық материалдар таратылып, діни ағымдардан хабар ететін арнайы көрме де жұртшылық назарына ұсынылды.

 

 

 

 

Прочитано 38 раз

Руководитель управления

c497a21ff65051bfa8da8bd2e436184a

Наша основная цель – недопущение и предупреждение в области рапространения идей религиозного экстремизма и терроризма. Если мы вместе с вами внесем посильный вклад в это благородное дело, думаю, что достигнем определенного положительного результата.

Руководитель управления
Есдаулетов Рахмет Разбекович

Библиотека

РЕЛИГИОЗНЫЕ ОБЪЕДИНЕНИЯ

 

Горячая линия

Областные интернет ресурсы

      


Контакты

Управление по делам религий 
Алматинской области

Республика Казахстан, г. Талдыкорган, 

ул. Жансугурова, 13 "А" 

Тел. 8 (7282) 30-51-42 

E-mail: d.almoblysy@mail.ru