Қуанса бала қуансын! Избранное

Бүгін Алматы облысы Дін істері басқармасында қызмет ететін бірқатар азаматтардың балаларына құрмет көрсетілді. Мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндер мен мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарын қабылдаған басқарма басшысы Р.Есдәулетов – жас өрендерге деген ақжарма тілегін ақтарып, оларға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.


Келелі кездесу кезінде Р.Разбекұлы: «Қашан да зейіндеріңіз – зерделі дүниелерді сіңіруге талаптана берсін! Алған біліміңіз бен тәрбиеңіз – келешекте өзіңізге қызмет қылып, «Қазақ» деген қайсар ұлттың қайталанбайтын азаматтары болыңыздар» деп батасын жаудырды.
Өздеріне көрсетілген құрметтің алғысы ретінде өнерге кенде еместіктерін айғақтаған балдырғандар өлең оқып, алғыстарын айтысты. Сондай-ақ ата-аналар қауымы да риясыз рахметтерін жеткізіп, алдағы уақытта балаларының артылған сенімдерді ақтайтындарына сенімділік білдірді. 
Бұл бір атаққұмарлықтан яки бір мақтанпаздықтан туған мысал емес. Тек, осы сынды істер көптек болса екен деген пейіл ғана. Бала – барлық жақсылық атаулыға лайықты ғой. Қуанса, тек бала қуансын! Ал, оларды қуанту – сіз бен біздің қолымыздан келетін шаруа. Ендігі, осы игі істің басқа да департаменттер, мекемелер мен басқармаларға үлгі болып, солардың тарапынан жалғасын табады деп ойлаймыз.

Прочитано 71 раз

Руководитель управления

c497a21ff65051bfa8da8bd2e436184a

Наша основная цель – недопущение и предупреждение в области рапространения идей религиозного экстремизма и терроризма. Если мы вместе с вами внесем посильный вклад в это благородное дело, думаю, что достигнем определенного положительного результата.

Руководитель управления
Есдаулетов Рахмет Разбекович

Библиотека

РЕЛИГИОЗНЫЕ ОБЪЕДИНЕНИЯ

 

Горячая линия

Областные интернет ресурсы

      


Контакты

Управление по делам религий 
Алматинской области

Республика Казахстан, г. Талдыкорган, 

ул. Жансугурова, 13 "А" 

Тел. 8 (7282) 30-51-42 

E-mail: d.almoblysy@mail.ru